Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Таңғы уақыттан бері учаскеге келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындардың қарасы үзілген жоқ. Сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша сайлау учаскесіндегі ахуал тұрақты. Учаске төрағасы Азиз Зұлхарнай дауыс берушілер легі әлі де жалғасып жатқандығын айтады. Ал,…
Қарағандыдағы жалпы білім беретін №10 мектептегі №65 сайлау учаскесіне келіп, бірінші болып өз таңдауын жасағандардың қатарында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының басшысы Меруеш Башай да бар. – Мен өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру алдында әр партияның бағдарламасымен, ұстанымдарымен және сайлауалды ұсыныстарымен танысып, өзіме жақын деп санаған бағытқа дауыс бердім.…
Бүгін Құрылтай сайлауы күні Саран қаласының сайлау учаскелерін жергілікті өнерпаздар мерекелік салтанатқа айналдырды. Осындағы Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары соларға барып, сарандық сайлаушылыр үшін өнер көрсетіп, концерттік бағдарламалар ұсынған. Әсем ән мен көңілді музыкаға толы мерекелік ахуал сайлау күнінің маңызын айшықтап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Ержан ИМАШ САРАН
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады. Қарағанды облысында сайлаушылардың 70,91%-ы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл көрсеткіш өңірдегі дауыс беру белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар…
«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы «Әліби» реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді. Бұл Қазақстанға тарихи мекендеу ортасына қайтару бағдарламасы аясында әкелінген жылқылардан туған алғашқы төл, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Еркек құлынның жағдайы жақсы. Туғаннан кейін көп ұзамай аяғына тұрып, енесінің…
Президент қоғамдағы амандасу және өзара қарым-қатынас мәдениетіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы көпшілік алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісінің кең тарауына назар аударып, қарым-қатынас әдебін ұлттық дәстүрге жақындату қажеттігін айтты,деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай көріністер тек жастар арасында емес, аға буын өкілдері мен әскери…
Бүгін Құрылтай сайлауы күні Топар кентіндегі 376-сайлау учаскесінде сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге жергілікті ісмерлер мен шеберлердің қолдарынан шыққан оюлы, зерлі бұйымдары мен картиналары қойылып, осында дауыс беруге келген сайлаушылардың назарына ұсынылды. Олар осынау көздің жауын алатын әсем бұйымдарды сүйсіне тамашалап, сайлау учаскесінен үйлеріне…
Қарағанды облысында Құрылтай депутаттарын сайлау қалыпты режимде өтіп жатыр. Сайлау барысы, халықаралық байқаушылардың жұмысы және электоратқа жасалған жағдай туралы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркеновпен шағын сұхбат алдық. – Қайрат Қаршығаұлы, Қарағанды облысында Құрылтай сайлау қалай өтіп жатыр? Сайлаушылардың белсенділігі қандай? – Бүгін таңғы сағат 7.00-ден бастап…
Бүгін сайлау бюллетенін ұстаған Қарағанды облыстық әскери-техникалық мектебінің курс тыңдаушылары үш айлық даярлықтан кейін көлік жүргізушісі ретінде әскери қызметке аттанады. Олар Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық таңдауын жасады. Әскери-техникалық мектептің офицерлері мен ұстаздары тіркелген мекенжайлары бойынша өз сайлау учаскелерінде дауыс берді. Ал, мектепте үш айлық оқу курсынан өтіп…
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12%-ын құрайды. 1. Астана қаласы бойынша – 40,92%. 2. Абай облысы бойынша – 63,07%. 3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%. 4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%. 5. Алматы облысы бойынша – 54,57%. 6. Атырау облысы …
Шет ауданындағы №592 Құрылтай сайлау учаскесіне елдің бірлігі мен берекесін айғақтаған тағылымды көрініс болды. Ауылдың қадірлі қариясы, 1946 жылы туған Саят Байтөлеуов пен жұбайы, 1949 жылы туған Дәмелі Нұржанова сайлау учаскесіне отбасымүшелерімен бірге келді. Өмірдің талай белесін бірге өткерген ақсақал мен ақ жаулықты ана бұл күннің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Ұрпақтарының…
Балқаш қаласындағы №215 Құрылтай сайлау учаскесінде ел болашағы үшін маңызды таңдауды жүзеге асыруға жастар да белсенді атсалысты. Солардың қатарында Балқаш қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Тоқтар Амантай да бар. Құрылтай сайлау учаскесіне арнайы келген Тоқтар Амантай жастардың ел өміріндегі белсенділігінатап өтіп, бүгінгі саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. –Бүгінде Балқаш…
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі – Құрылтай сайлауы. Осыған орай Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бүгінде Теміртау қаласында 61 сайлау учаскесі жұмыс істеп, қала тұрғындарының өз конституциялық құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауда. Қала әкімі сайлауға қатысу әр азаматтың ел мен туған қаланың болашағына деген…
Шахтинск қаласының тұрғындары да бүгінгі Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына белсене қатысып, жекелей де, отбасымен және ұжымымен бірге өз сайлау учаскелерінде дауыс беруде. Солардың бірі ертелі-кеш қала тірлігін қамтамасыз ететін “Шахтинсктеплоэнерго” ЖШС жұмысшылары да жұмыс киімдерімен келіп, осындағы 320-сайлау учаскесінде жаппай дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Ержан ИМАШ…
Алғашқы сайлаушылар арасында кәмелет жасына толып, азаматтық таңдауын тұңғыш рет жасаған Наргиза Әбеу де бар. Жас сайлаушы үшін қолына алғаш рет бюллетень алып, дауыс беру – айрықша әсерге толы сәт болды. – Бұған дейін сайлау туралы сырттай естіп, теледидардан көріп жүретінмін. Ал, өзімнің алғаш рет сайлаушы ретінде келіп, дауыс беруім мүлде бөлек әсер қалдырды. Бұл …
Таң алагеуімнен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің маңы жандана бастады. Әдеттегі демалыс күнгі мамыражай тыныштықтың орнын елдік іске үн қосуға асыққан сайлаушылардың қадамы басты. №35 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған алғашқы минуттардың өзінде 15 адам өз таңдауын жасап үлгерді. Сағат тілі жетіні көрсетісімен учаске есігі айқара ашылып, алғашқы сайлаушылар бірінен соң бірі келе…
24 тамыздан бастап Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс автожолының қала аумағындағы бөлігінде жаңа жылдамдық өлшегіш камера іске қосылады. Құрылғы Күнгей шағынауданы маңында орнатылған. Бұл жайлы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады. Бұл жол бөлігінде көліктің рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы сағатына 60 шақырымды құрайды. Жаңа камера белгіленген талапты бұзған жүргізушілерді автоматты…
Облыс орталығындағы №17 сайлау учаскесінде де Құрылтай сайлауы науқаны қызу жүріп жатыр. Мұнда барлық ақпараттық көрнекілер ұқыпты ілініпті. Кеншілер Мәдениет сарайында орналасқан учаскеге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп дауыс берді. Ел қатарлы өзінің азаматтық борышын орындады. Мұнда Лободы, Ерубаев, Бұқар жырау және Назарбаев көшелерінің тұрғындары келіп дауыс беруде. Барлығы 2159 адам…
29 тамызда Қарағандыдағы «Қарағанды Арена» мұз сарайының алаңында дәстүрлі QARAGANDY HALF MARATHON 2026 жарысы өтеді. Алғашқы старт таңғы сағат 8:00-де беріледі. Қатысушылар 21, 10 және 5 шақырымдық қашықтықтарға, ал балалар 1 шақырымдық KIDS жарысына қатыса алады. Мәреге жеткен спортшыларға естелік медаль табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар қарастырылған. Биыл…
Бүгін Шашубай кентінің тұрғыны Мұсахан Исабаев Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып, дауыс берді. – Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Бүгін мен азаматтық міндетімді орындадым. Елдің ертеңі әрқайсымыздың дауысымызға байланысты. Сондықтан, азаматтар маңызды саяси кезеңде қалыс қалмауы тиіс. Болашаққа бәріміз жауаптымыз, – деді Мұсахан Исабаев. Ел…
Бүгін Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында жаңа ветеринарлық пунктің ашылу салтанаты өтті. Сонда Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын жаңа ветеринарлық пункті ашудағы мақсат – халыққа көрсетілетін малдәрігерлік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету екенін атады. – Кез келген ұлттың, мемлекеттің қауіпсіздігі осы ветеринария саласының жай-күйіне байланысты. Бұл саланы жай…
Қарағандының Орталық саябағында бірнеше жылдан бері ашық аспан астында түрлі буын өкілдерін біріктіретін би кештері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл да орталық саябақты думанға бөледі. Би кештерінің негізгі қатысушылары – аға буын өкілдері, оның ішінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері. Оларға Қарағандының басқа да егде жастағы тұрғындары, жастар мен саябаққа келген қала…
Бүгін Қарағандыда велоспорт әуесқойларына арналған ашық веложарыс өтті. Спорттық шара Федоров су қоймасының Солтүстік-Батыс жағалауында ұйымдастырылып, оған жастар мен ересектер қатысты. Веложарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен ересектер арасында велосипед спортын кеңінен танымал ету, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және велоспорт әуесқойлары арасында…
Қарағанды қаласында балалар мен жасөспірімдер футболын бұқаралық сипатта дамыту және сергек өмір салтын насихаттау мақсатында дәстүрлі XXIV спартакиада жалауын көтерді. Доп додасының тартысты бәсекесіне Қазыбек би және Әлихан Бөкейханов аудандарынан 18 команда қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс ережесіне сәйкес, әр ұжым құрамына 15–17 жас аралығындағы 15 спортшы мен 1 бапкер енгізілген.…
Қазақстан Бірінші лигасының 19-турында қарағандылық «Шахтер» елордалық «Астана Ж» командасын 4:0 есебімен жеңді. Кездесудің алғашқы бөлігінде Диас Қалыбаев пен Артем Литош мергендігімен көзге түсіп, «Шахтер» үзіліске 2:0 есебімен шықты. Екінші таймда Қалыбаев тағы бір гол соғып, дубль жасады. Ал 75-минутта Андрей Ульшин пенальтиді дәл орындап, есепті 4:0-ге жеткізді. Кездесу соңына дейін «Шахтер»…
Қарағанды қаласында жастардың еңбекке араласуына және туған өлкені абаттандыруға үлес қосуына мүмкіндік беретін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы қорытындыланды. Салтанатты жабылу рәсімі 21 тамызда Орталық саябақта өтті. Іс-шара Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» штабының ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік концерт барысында…
Қарағанды облысында ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 39 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Алдағы уақытта өңірдегі 180-нен астам ауылды интернетпен қамту жоспарланған. Жоба жүзеге асқаннан кейін шамамен 50 мың тұрғын тұратын 22 мыңнан астам үй жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. Қазіргі таңда Осакаров ауданындағы…
Бүгін Абай қаласында балалар арасында аула футболынан аламан өтіп, оған құрамында 45 жас футболшы бар 6 команда қатысты. Бұл жарыс олардың жеңіске деген жігерін жанып қана қоймай, бос уақыттарын белсенді және пайдалы өткізуге мүмкіндік берді. Аламанның алғашқы сәтінен-ақ футбол алаңында спорттық ахуал қалыптасып, әрбір матч балалардың тамаша ойын өрнегімен, соғылған голдарымен есте қалды. Мұндай…
Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді — газбен қамтамасыз етілген халық саны 9,1 млн адамнан 13,1 млн адамға дейін артты. Осы жылдары газдандыру жұмыстарына 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 …
Қарағанды облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталды. Мемлекеттік қолдау бизнес, волонтерлік, мәдениет, ғылым және технология салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Грант иегерлерінің бірі Әйгерім Аймақова «Туған өлкені жаяу аралайық» жобасы арқылы өңірдегі жаяу туризмді дамытуды және тарихи-мәдени орындарды насихаттауды көздейді. Жоба аясында табиғи және…
Құрметті отандастар! Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді,…
Ботулизм адам өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін аса ауыр тағамдық аурулардың бірі болып табылады. Көбінесе бұл ауру үй жағдайында дайындалған консервілерді, тұздалған, кептірілген және ысталған балықты, үй жағдайында дайындалған ет және саңырауқұлақ өнімдерін тұтынумен байланысты. Сондықтан өнімдерді дұрыс таңдау, оларды дайындау технологиясын және сақтау талаптарын сақтау ерекше маңызды.…
Аударыспақтан Түркістанда өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында облыс атынан сынға түскен Ерәділ Марат күміс жүлдегер атанса, Бейбіт Айнатаев қолаға қол жеткізді. Чемпионатқа елдің түпкір-түпкірінен 200 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Чемпионатта қатысушылар тоғыз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ерәділ 59 келі салмақта жеті рет кездесіп, ақтық бәсекеде ақтөбелік қарсыласына есе…
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Атап айтқанда, пияз 4,9%-ға, картоп 4,1%-ға, алма 2,7%-ға, ақ қауданды қырыққабат 2,2%-ға, сәбіз 1,9%-ға, қияр 1,5%-ға арзандады. Сондай-ақ қой еті, оның ішінде сүйексіз ет бағасы 0,6%-ға, қызанақ 0,4%-ға төмендеді. Бірінші сұрыпты…
Шет ауданында болған жол апатынан Қырғызстанның екі азаматы жол апатына ұшырап, тағы бір адам жарақат алды. Оқиғаға қатысты мәліметті Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. 1966 жылы туған И. А. А. есімді азамат жол апатынан жарақат алып, Шет аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қырғызстанның тағы екі азаматы — 1963 …
Бір кездері халықаралық сән көрсетілімдерінде өнер көрсеткен қарағандылық модель қазір Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі «24KZ»-ке сілтеме жасап. Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Танатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойы мен сыртқы келбеті оған сән индустриясына жол ашып, халықаралық подиумдарға шығуына…
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жолын жарақатына байланысты аяқтады.Бұл туралы Cincinnati Open турнирінің баспасөз қызметі хабарлады. Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда польшалық Ига Швёнтекке қарсы кездесуін жалғастыра алмады. Рыбакина бірінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқан кезде жарақатына байланысты ойыннан бас…
Бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары барысында қалалық нысандардың даму барысын бақылап, халықпен кездесті. Облыс әкімі бірінші кезекте Дубовка ауылында болып, “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша жасалған жолдардың орташа жөндеуі, жабық кәріз жүйесінің құрылысымен, үйлердің жаңа қоршауларымен танысты. Бұдан кейін облыс әкімі “Шығыс” шаруа қожалығында салынып…
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі негізінде Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жыл сайынғы алаң ретінде құрылды. Форумның ашылуында Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтауын…
Өңірде жыл басынан бері спорттың сан алуан бағытында ел мерейін үстем етіп, халықаралық және республикалық додаларда жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар аз емес. Бүгінде Қазақстанның Спорт күніне орай Қарағандыда мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей мен облыстық мәслихаттың…