RSS Amplifier

Blog

«Soltüstık Qazaqstan»

Oblystyq gazetı

soltustikkaz.kzSource feed ↗10 posts

Live Last read · last published · next check

Written by

Latest posts

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ

Алып-ұшқан көліктер… Құйғытып келе жатып, «бақиға» сапар кешкендер тым көп бүгін. Күре жолға тіл бітсе, үзілген талай тағдыр, орындалмай қалған асыл армандар жайлы айтып тауыса алмас еді… Бар сырын ішіне бүккен тас жол тым-тырыс. Бірақ оның әр шақырымында біреудің соңғы демі, бір отбасының өшпес қайғысы, ешқашан оралмайтын жанның көмескі ізі қалғандай… Күздің кешеуілдеп ататын сап-салқын ……

АТА КӘСІПТІ ЖАНДАНДЫРҒАН ӘУЛЕТ

Моңғолиядан атамекенге көшіп келген Қапезовтер отбасы Айыртау ауданында қазақтың ұмыт бола бастаған, атадан балаға жалғасқан ұлттық қолөнерін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа үйретіп келеді. Жарты ғасырға жуық уақыттан бері ағаш өңдеп, киіз басып, ши тоқып келе жатқан ерлі-зайыпты үшін бұл – жай ғана кәсіп емес, атадан қалған асыл мұра. Лобаново ауылындағы шағын аула­ның өзі бір қарағанда ұлттық … АТА…

ОРТАҚ МҮЛІК – ОРТАҚ МҮДДЕ

Қазақстанда пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қозғалысы 1990 жылдары кең өріс алып, ұзақ уақыт бойы көппәтерлі үйлерді басқарудың бірден-бір тиімді үлгісі ретінде саналып келді. Алайда уақыт өте келе түймедей кемшіліктер пайда болып, оның ақыры түйедей проблемаларға айналып, туындаған түсінбестіктер мен келіспеушіліктер салдарынан жиналатын жарна, оның жұмсалуы, есептің ашық еместігі,…

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ: бір балаға қанша қаражат қажет?

Жаңа оқу жылына санаулы апта қалды. Қазір сауда орындарында мектеп формасы, сөмке мен кеңсе тауарларына сұраныс артып, ата-аналар балаларына қажетті заттарды түгендеп жатыр. Біреулер үшін бұл – жыл сайынғы үйреншікті дайындық болса, енді бір отбасылар үшін мектепке қажетті дүниелерді түгел алу едәуір шығын болуы мүмкін. Биыл баланы мектепке дайындау қанша тұрады? Әлеуметтік көмек кімдерге беріледі…

МАҒЖАН ЕЛІНІҢ АБАЙ ЖЕРІНЕ ТАРТУЫ

Абай күніне орай Семей қаласында Мемлекеттік рәміздер алаңы салтанатты түрде ашылды. Жаңа қоғамдық-мәдени нысанды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында біздің өңір тарту етті. Мемлекеттік рәміздер алаңы – «Абайға құрмет» акция аясында салынып, ашылған алғашқы нысан. Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік…

БІЛІМ ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАННАН ДА ҚИЫН

Биология ғылымдарының докторы, Халықаралық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі Әйіп Ысқақовтың есімі берісі республика, әрісі шетел жұртшылығына етене таныс. Ғылымның қия жо­лында тынымсыз ізденіп келе жатқан жерлесіміздің құнды еңбектерінен бөлек, жеке тұлғалар өміріне, ауылға, ана тілімізге, руханиятқа, мәдениетке қа­тысты жазғандары да шұрайлы тілімен, әдеби тол­ғанысымен, орнықты…

АТ ТУРИЗМІ: ЖЫЛҚЫҚҰМАР ЖАНДАРДЫҢ ЖАН ҚАЛАУЫ

Соңғы жылдары елімізде экологиялық және этнотуризмге деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Соның ішінде табиғат аясындағы белсенді демалысты ұлттық салт-дәстүрмен ұштастыратын ат туризмі қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналды. Ат туризмі адамдарға қазақ халқының көшпелі мәдениетін, жылқыға деген құрметін, ұлттық ат спортының ерекшеліктерін танып-білуге және табиғатқа етене…

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР

Өңірімізде «Qyzyljar Investment 2026» халықаралық форумы өтті. Облыстың экономикалық әлеуетін дамытуға арналған алқалы жиынға инвесторлар, шетелдік, отандық бизнес қауымдастығының өкілдері мен серіктестері, кәсіпкерлер қатысып, инвестициялық жобалар мен өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Форум аясында жергілікті агроөнеркәсіптің экспорттық мүмкіндігімен таныстыратын көрме…

ДАЛА ТӨСІ ДҮБІРГЕ БӨЛЕНЕДІ

Аққайың ауданының Дайындық ауылында дәстүрлі Дала күні өтті. Ауқымды іс-шара орақ науқанының басталуына арналды. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, өңірдің барлық аудандарынан және көршілес облыстардан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сала мамандары қатысты. Дала күні ауыл шаруашы­лығы саласындағы жетістік­терді таныстыруға, шаруалар­дың…

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ӨЗ ФУТЗАЛ КЛУБЫ БАР

Солтүстік Қазақстан облысында «QYZYLJAR» футзал клубы құрылды. Команда 2026-2027 жылғы маусымда алғаш рет бірінші лига командалары арасында ел чемпионаты мен Қазақстан кубогына қатысуды жоспарлап отыр. Клуб құру идеясы облыста футзалды дамыту және өңір намысын республикалық деңгейде лайықты қорғау ниетінен туындаған. Клубтың инвесторы әрі директоры – Нұрлыбек Айкешов. Ал клубтың қалыптасуы мен…