RSS Amplifier

Blog

Silknews

ақпараттық сайты

silknews.kzSource feed ↗20 posts

Live Last read · last published · next check

Latest posts

Қайғыға қарыз қосылмасын

Қазақстанда жерлеу шығыны отбасыларға ауыр тиіп отыр Жақынынан айырылу – кез келген отбасы үшін ауыр сынақ. Ал осындай қиын сәтте күтпеген қаржылық шығынның қатар келуі жағдайды одан әрі күрделендіреді. Қазақстанда әрбір үшінші азаматқа жуық адам қайтыс болған адамды жерлеу және оған қатысты рәсімдерді қарызсыз өткізе алмайды. Ұлттық статистика бюросының іріктемелі зерттеуіне сәйкес,…

Тазалыққа жарты миллион адам атсалысты

Түркістан облысында тазалық пен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы өңірде бір реттік сенбілік емес, елді мекендерді абаттандыру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тұрақты жұмысқа айналып отыр. Жыл басынан бері облыста 15-тен астам ірі экологиялық акция…

Әрбір жетінші оқушы Түркістанда білім алады

Түркістан облысында білім саласына қойылып отырған талап жоғары. Бұған бір ғана көрсеткіштің өзі жеткілікті: Қазақстандағы әрбір жетінші оқушы – Түркістан өңірінің баласы. Бүгінде облыстың білім беру ұйымдарында 550 мыңнан астам бала білім алады. Ал жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын 50 мыңнан астам бүлдіршін бар. Бұл – демографиялық өсімнің ғана көрсеткіші емес, […] Сообщение…

Түркістан Малайзия нарығына шығады

Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек «Tourism Malaysia» ұйымының төрағасы Датук Манохаран бастаған малайзиялық делегациямен кездесті. Кездесуде тараптар Түркістан өңірінің туристік мүмкіндіктерін Малайзия нарығында кеңінен таныстыру, шетелдік туристер ағынын…

Түркістан дамудан тағы көш бастады

Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Есепті кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалып, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 124,1%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастады.…

Түркістанда тағы бір жаңа зауыттың құрылысы басталды

Сауран ауданында жылына 464 млн дана биологиялық белсенді қоспа шығаратын өндіріс бой көтеріп, 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ Түркістан облысының өндірістік картасына тағы бір ірі жоба қосылды. Сауран ауданындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағының «Ораңғай» қосалқы экономикалық аймағында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды. Жаңа кәсіпорынның…

Көшеровке 150 түркістандық келді

Түркістан облысында қоғамдық қабылдауда 150-ге жуық азаматтың мәселесі қаралып, әр өтініш бойынша нақты шешу жолдары айқындалды Мемлекеттік басқарудың тиімділігі кабинеттегі есеппен емес, халықтың күнделікті өміріндегі өзгеріспен өлшенеді. Тұрғынның мәселесін тыңдау, оның түйткілін назарға алу және шешімін соңына дейін жеткізу – билік пен қоғам арасындағы сенімнің негізгі көпірі. Түркістан…

Шардаралықтардың арманы орындалды

Шардарада жылдар бойы күтілген маңызды инфрақұрылымдық жоба іске қосылды. Енді қаладағы 30 мыңнан астам тұрғын санитариялық талаптарға толық сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтылды. Ауыз су – кез келген елді мекеннің өмір сапасын айқындайтын ең маңызды мәселенің бірі. Шардара үшін бұл мәселе енді шешімін тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз […]…

«Сырдария-Түркістан» паркіне 13 мың турист келді

Түркістан облысындағы табиғи көрікті мекендерге саяхаттаушылардың қатары көбейіп келеді. Жыл басынан бері «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай, Сырдария және Түркістан филиалдарына 13 262 турист барған. Бұл көрсеткіш өңірде экологиялық туризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Түркістанды көбіне тарихи ескерткіштері мен көне қалалары арқылы танимыз.…

Тазалықты бұзғандарға 180 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында тазалыққа қатысты талап күшейді. Жыл басынан бері қоқыс тастап, санитарлық талаптарды және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға 11 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 180,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Тазалық – тек сенбілік кезінде еске түсетін мәселе емес. Түркістан облысында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және қоғамдық орындарды таза ұстау…

Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі…

КЕНТАУДА ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мал шаруашылығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «KX Real Meat» шаруашылығында қысқы мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл шаруашылықта жалпы көлемі 25 гектар алқапқа жүгері дақылы егілген. Егіс алқабы толықтай…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫН 126,3 ПАЙЫЗДЫҚ ӨСІММЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға шықты. Жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн 129,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 109,6 пайызды құрады. Бұл нәтижелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан…

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ӨНДІРІЛЕДІ

Бүгін Сауран ауданындағы «Шаға» өндіріс алаңында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Сапар мақсаты – ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен таныстыру, өңірдің өндірістік әлеуетін көрсету. Тур аясында БАҚ өкілдері өндірістік алаңда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметімен танысып, инвестициялық жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Алғашқы болып «BNK Group»…

ОРДАБАСЫ: 30 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ШҰБАРСУ ЕЛДІ МЕКЕНІН ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі инженерлік инфрақұрылым нысандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған ішкі газ желісі құрылысының 1, 3 және 4-кезеңдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді. Нысандағы құрылыс-монтаждау…

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКЕНІН МӘЛІМДЕДІ

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті. Маңызды жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов, екі елдің министрлері мен өңір басшылары қатысты. Кеңес аясында Түркістан облысы мен Өзбекстанның бірқатар өңірлері арасында екіжақты…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 78 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы мен «Қазақстан – Өзбекстан: бірлескен жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-диалог өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов, екі елдің мемлекеттік органдарының, өңірлерінің және…

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТІГІН ЦЕХЫН АШҚАН

Созақ ауданында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңа өндіріс орындары ашылып, халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Бағдарлама игілігін көргендердің бірі – Шолаққорған ауылының тұрғыны Раушан Бекболатқызы. Кәсіпкер биыл жыл басында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 10…

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 300-ДЕН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Келес ауданында 2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 339 жоба қаржыландырылып, 750 жаңа жұмыс орны ашылған. Бағдарлама арқылы мал және өсімдік шаруашылығы, жылыжай кешендері, өндірістік кооперативтер мен шағын кәсіпкерлік жобалар қолдау тауып келеді. Бүгінде ауданда жүзім шаруашылығы, шұлық өндірісі, сүт өнімдерін өңдеу және жылыжай бағытындағы…

ТҮЛКІБАС: ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жұмыс сапарымен Ынтымақ және Майтөбе ауылдарына барып, салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен аудан әкімі «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс алаңында болды. Мердігер мекеме өкілдері нысанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы…