RSS Amplifier

News source

Қармақшы таңы

Қармақшы таңы

qarmaqshy-tany.kzSource feed ↗60 articles

Overdue Last read · last published · next check
Last read 19 hours ago, longer than this feed's 3 hours schedule.

Latest articles

Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде

Оған прокуратура мен полиция органдарының қызметкерлері бірлесіп қатысуда. Рейд барысында көңіл көтеру орындарындағы құқықтық тәртіптің сақталуы, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілеріне және кәмелетке толмағандардың болмауына ерекше назар аударылады. Аталған іс-шаралар «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында жүргізілуде. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті…

Мемлекет басшысы: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды»

«Балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – аса маңызды міндет. Бұл – мемлекет саясатындағы негізгі басымдықтың бірі. ЮНИСЕФ Қазақстанның осы салада Орталық Азия елдеріне ғана емес, Еуропадағы бірқатар мемлекетке үлгі бола алатынын мәлімдеп отыр. Бұл халықаралық ұйымға ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, біз бұл бағытта көп жұмыс атқардық. 2024 жылдан бері «Ұлттық…

5 жылда 1120 мектеп салынды

Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім жүйесін дамытуға баса назар аударылатынын атап өтті Соңғы жеті жылда бұл салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 6,4 трлн теңгеге жетті. Кейінгі бес жылдың ішінде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынды. 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық…

Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық – саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді – Президент

Бірінші шілде күні күшіне енген жаңа Конституцияда білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды, деді Мемлекет басшысы тамыз конференциясының пленарлық отырысында. Сондай-ақ Президент 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына назар аударды. «Жаңа буын өкілдері саяси науқанды…

Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады

«Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі

Ұстаздардың биылғы жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналып отыр. «Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша,…

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын…

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада келесідей өндірістер, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды: Қызылордада халықтың…

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 26 тамыз № 1411

ТӨРЕТАМДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

Төретам кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Төретам кентіне барып, күрделі жөндеуден өткізіліп отырған теміржол вокзалының және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. 1965 жылы салынған теміржол вокзалы ғимаратының жалпы көлемі 597,6 шаршы метрді, жолаушы қабылдау мүмкіндігі 250…

60 жыл бірге: Тортаевтар отбасы ұлттық киіммен өз таңдауын жасады

Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылы, №105 сайлау учаскесі Жаңажол ауылындағы №105 сайлау учаскесінде көпшілікке ерекше әсер қалдырған отбасылық көрініс орын алды. Бір шаңырақ астында 60 жыл ғұмыр кешкен Тортаевтар отбасы сайлау учаскесіне ұлттық киімдерін киіп, бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Алты онжылдықты бірге өткерген ерлі-зайыптылардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге. Олар…

ҚУАҢДАРИЯ ШЕКАРАШЫЛАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы шекара бекетінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер сайлау учаскесіне бір мезетте келіп, өз таңдауларын жасады. №111 сайлау учаскесіне әскери қызметшілер бір уақытта келіп, дауыс беруге қатысты. Ел шебін күзетіп, тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген шекарашылар үшін де сайлау күні маңызды қоғамдық оқиға болды. Әскери қызметшілер өздерінің күнделікті…

Азия чемпионы А.Рүстемова сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, №100 сайлау учаскесі Жосалы кентіндегі №100 сайлау учаскесіне ел спортының жас өкілі, Азия чемпионы әрі жастар арасындағы самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері А.Рүстемова келіп, өз таңдауын жасады. Жас спортшы бүгінде халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген қармақшылық жастардың бірі. Оның спорттағы жетістіктері – табандылық пен тынымсыз еңбектің…

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі №30 мектепте орналасқан №100 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы мен сайлаушыларға жасалған жағдайларды көрді. Белгіленген талаптарға және заңға сәйкес өтуі қажет екенін атап өткен Жандос Еркінбек маңызды саяси науқанға қатысып,…

АҚСАҚАЛДЫҢ АҚ БАТАСЫ - ЕЛГЕ ТІРЕК, ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Сайлау күні Ақай ауылдық округінде №116 сайлау учаскесіне ауылдың ақсақалы тұрғындарға ақ батасын берді. Елдің үлкені жиылған жұртқа амандық, халыққа бірлік, әр шаңыраққа береке тілеп, жас ұрпаққа ақ жолын арнады. Ақсақалдың батасы сайлау учаскесіндегі ерекше әрі әсерлі сәттердің біріне айналды. Қазақ қоғамында ақсақалдың батасы қашанда айрықша мәнге ие. Үлкеннің ақ тілегін алу – халқымыздың…

ЕҢ ЖАС САЙЛАУШЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Жосалы кентіндегі №97 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған ең жас сайлаушы Темірбекова Дильназ Еркінқызы алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл – жас азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске алғаш рет қатысуы. Алғашқы дауыс – азаматтық белсенділіктің жарқын бастауы.

ЖАС ОТБАСЫЛАР ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСУДА

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Дауылкөл ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінде жас отбасылар – Ұлықбек Мінуаров пен Нұрай Тарғанова дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Сонымен қатар Иіркөл ауылдық округіндегі №104 сайлау учаскесіне Дастан Алманов пен Гүлжамал Әмзеқызы келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын жас…

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ӨТТІ

Құрылтай сайлауы күні Руханият скверінде ұлттық рухты ұлықтаған айрықша салтанатты шеру өтті. Мәдениет орталығының өнерпаздары ұйымдастырған шараға 50-ге жуық адам қатысып, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын дәріптеді. Шеру сапында айбынды батырлар, ел ағалары ақсақалдар, абыз аналар және ұлттық киім киген мәдениет саласының қызметкерлері жүріп өтті. Батырлар қолдарына найза ұстап,…

БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ОТБАСЫЛАР БАЛАЛАРЫМЕН БІРГЕ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ КЕЛДІ

Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесінде сайлау күні отбасылық сипаттағы ерекше сәттер де орын алды. Бірқатар тұрғындар балаларын ертіп, сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Балаларымен бірге келген ата-аналар үшін бұл күн тек дауыс берумен шектелмей, өскелең ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің мәнін көрсететін мүмкіндікке айналды. Кішкентай бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге…

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауына дауыс берудің алғашқы екі сағаттағы алдын ала деректері жарияланды.

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің алғашқы екі сағатындағы алдын ала деректер жарияланды. Бүгін, 23 тамызда Қазақстан азаматтары жаңа заң шығарушы органның депутаттарын сайлауға қатысуда. Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтай құрамына 145 депутат сайланады. Дауыс беру ел бойынша ұйымдастырылған сайлау учаскелерінде жалғасып жатыр.

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР ӨТУДЕ

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Қармақшы ауданындағы сайлау учаскелерінде тұрғындарға арналған спорттық ойындар ұйымдастырылуда. Дауыс беруге келген тұрғындар өз таңдауын жасағаннан кейін түрлі спорттық ойындарға қатысып, белсенділіктерін танытып жатыр. Ұлттық дәстүр мен бұқаралық спортты ұштастырған шаралар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдік шараны береке-бірлікпен атап өтудің жарасымды…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Құзыреттілік орталығындағы» №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады. «Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын.…

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ АҚ БАТАСЫМЕН БАСТАЛҒАН САЙЛАУ КҮНІ

Құрылтай депутаттарын сайлау күні ауыл ақсақалы Қуандық Бекбаев №30 орта мектебінде орналасқан №100 сайлау учаскесіне барып, елдің амандығы мен халықтың бірлігіне ақ тілегін арнауда. Қазақтың «Батамен ел көгерер» деген тағылымды сөзі бар. Қазақы дәстүрмен сабақтасқан тағылымды рәсімде қариялар еліміздің тыныштығын, берекесін, ұрпақтың жарқын болашағын тілеп, ақ баталарын берді. Үлкендердің…

УЧАСКЕДЕ САЙЛАУШЫЛАРДЫ РОБОТ ҚАРСЫ АЛДЫ

Республикалық Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласындағы №200 сайлау учаскесінде сайлаушыларды арнайы робот қарсы алуда. Заманауи технология элементі ретінде енгізілген робот келушілерге Құрылтай сайлауы туралы қысқаша ақпарат беріп, дауыс беру тәртібі жөнінде мәлімет ұсынады. Робот көмекші балаларымен бірге дауыс беруге келген сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. С.Толыбеков атындағы №3…

18 ЖАСҚА ТОЛҒАН 18 ТҮЛЕК АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте орналасқан №353 сайлау учаскесінде ерекше сәт болды. Аталған сайлау учаскесіне аталған мектепті бірге тәмамдаған 18 жас түлек алғаш рет дауыс беруге келді. Бүгінде олардың барлығы еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарында білім алып, студент атанған. Осы күні олар сайлаушы…

Тоғызқұмалақ тарланы Елеусін Білімжан дауыс берді

Сырдария ауданы, №157 сайлау учаскесінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген Елеусин Білімжан Мектепханұлы дауыс берді. Ұлттық спортты дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі жаттықтырушы өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады. Дауыс…

Сайлау-2026: Шетелде жүрген 228 отандасымыз дауыс берді

Құрылтай депутаттары сайлауында 11 мыңнан астам отандасымыз шет елде дауыс береді. Қазіргі уақыттың олардың 228-і таңдау жасап үлгерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов м әлім етті. — Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің…

Өнер иесі өз таңдауын жасады

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан шыққан белгілі жыршы-термеші Айгерім Бостанқызы Ешбаева №97 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ел мәдениеті мен руханиятына үлес қосып жүрген өнер иесі сайлауға қатысу арқылы азаматтық белсенділігін танытты. Сайлау учаскесіне келген тұрғындар қатарында өнер саласының өкілінің болуы да сайлаудың ел өміріндегі маңызын айқындай түсті.

Отбасымен дауыс берді

№97 сайлау учаскесінде 85 жастағы Нурекеева Күлән әже келінімен бірге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Ақ жаулықты әже үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Келінімен бірге дауыс беруі отбасындағы бірлік пен үлкеннің өнегесін айқындай түскендей. Жасы ұлғайғанына қарамастан ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасаған Күлән әже кейінгі ұрпаққа…

Алғашқы рет дауыс берді

Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №95 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына кент тұрғыны Әлібекұлы Ерасыл алғаш рет дауыс берді. Бұл — жас сайлаушы үшін ерекше әрі жауапты сәт. Әлібекұлы Ерасыл өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға алғаш рет қатысты. «Мен үшін бүгін - ерекше күн. Құрылтай сайлауына алғаш рет қатысып, өз дауысымды беру — үлкен жауапкершілік әрі…

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді — газбен қамтамасыз етілген халық саны 9,1 млн адамнан 13,1 млн адамға дейін артты. Осы жылдары газдандыру жұмыстарына 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 мың км газ…

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. 2024-2025 жылдары, яғни министрлік құрылғаннан кейінгі кезеңде инвестиция көлемі алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79%-ға өсті. 2024-2025 жылдары тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 677 млрд теңгені құрады. Бұл 2022-2023…

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Соңғы бес жылда Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 2020 жылғы 33,5 млн АҚШ долларынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,142 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Осылайша, салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде IT-қызметтер қалыптасып келе жатқан бағыттан ел экспортының маңызды салаларының біріне айналды. IT-қызметтер экспорты осы кезең бойы тұрақты өсім көрсетті. 2021 жылы экспорт көлемі 60,07 млн АҚШ…

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА 90 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі көпқабатты тұрғын үйдің 90 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға табысталды. Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Баршаңызға көптен күткен жаңа қоныс құтты…

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«Құзыреттілік орталығында» «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты. Аймақ басшысы отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.…

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аудан көлемінде жалғасуда. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін аудан орталығындағы «Адина» сауда үйінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде мектеп киімдері, оқу құралдары, сөмкелер мен аяқ киімдер нарықтағы бағадан 10 пайызға төмен…

АУДАН БАСШЫСЫ ЕГІС АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-нің егіс алқабына барып, биылғы егін жинау науқанына дайындығы мен жұмыстардың барысын көрді. Шаруашылықтың жалпы егістік көлемі 1 781 гектарды құрайды. Оның ішінде 866 гектарға…

ЖОСАЛЫ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына байланысты Жосалы кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады. Сайлау күні кентішілік қатынайтын қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді. Бұл тұрғындардың өз сайлау учаскелеріне уақытылы әрі кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Сайлау учаскелерінің жұмыс уақыты: 07:00 – 20:00. Барша Жосалы тұрғындарын сайлау күні белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын…

ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

Қармақшының жыршылық дәстүрі мен ұлттық өнерін ұлықтаған Тұрмағамбет ауылында дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші ұйымдастырылды. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, ауыл тұрғындарын рухани кештің ашылуымен құттықтады. -Қармақшы - талай ғасырдан бері жыраулық дәстүрдің тамыры үзілмеген қасиетті мекен. Ал Тұрмағамбет ауылы– сол…

№63 (10531)

Сегіз жастағы бүлдіршін шетелде үш жүлде жеңіп алды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек көркем гимнастикадан Қытайдың Гуандун провинциясының Хуэйчжоу қаласында өткен Zhong Ling Cup турнирінде бірден үш жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz . Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, турнирге Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия мен басқа да елдердің гимнастшылары қатысты. Қазақстан намысын жарыста 9…

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әкімшілік құқықтың маңызы зор. Әкімшілік құқықбұзушылықтар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқыққа қайшы әрекеттердің бірі болып табылады. Олар қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоршаған ортаға, жол қауіпсіздігіне және мемлекеттік басқару саласына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан әкімшілік…

РУХ ПЕН ЖІГЕР МЕКТЕБІ

Жыл сайын тамыз айында елімізде спорт күні аталып өтеді. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттап, спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға, дене шынықтыру мұғалімдеріне, спорт ардагерлеріне және түрлі деңгейдегі жарыста ел намысын қорғап жүрген спортшыларға көрсетілетін құрметтің белгісі. Спорт күні – кәсіби спортшыларға ғана қатысты емес, ол денсаулығын күтіп, белсенді өмір…

Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық: Қызылордада гарнизондық жиын өтті

Қызылорда облысының Полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. Гарнизондық жиынды Департамент бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы өткізді. Жиын барысында облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы қызметтің негізгі міндеттері пысықталды. Қазіргі уақытта…

ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІНШІ КҮНГЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектеп базасында «ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2026 | ТӘЖІРИБЕ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.» тақырыбында мектеп директорларының орынбасарлары мен мектеп кітапханашыларына арналған әдістемелік алаң өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты – цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне…

АУЫЛДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Аудандағы елді мекендердің әлеуметтікэкономикалық әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы «Руханият орталығында» өткен баспасөз брифингінде Ақжар, ІІІ Интернационал және Қармақшы ауылдық округтерінің әкімдері айтып, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ақжар…

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2026 ТӘЖІРИБЕ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында Тамыз конференциясы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әдістемелік алаң ұйымдастырылды. Әдістемелік алаң педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылауға және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындауға арналды. Математика пәні бойынша әдістемелік алаңға облыс көлемінде…

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛУДЕ

Бүгін аудан басшысының тапсырмасына сәйкес «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары аясында баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында бөлім басшысы Ғарышбек Нысанбаев мәдениет, тілдерді дамыту және тарихи-мәдени мұраны сақтау бағыттарында жұмыстарға тоқталды. Аудандағы 34…

Шайтан

Шайтан десе шоши ма жүрегіміз, Орындалмай қалардай тілегіміз. Жолдан талай тайдырып жіберді ме, Үміт күткен келгенде – кезегіміз. Адамменен қастасып жаралғаннан, Жан дүниеміз дейсің бе жараланған. Тарихымда өшпестей талай зұлмат, Шайтан қылық... Жадымда қара таңбаң. Иығында отырып адамыңның, Тілекшісі қисайған қадамыңның. Сондықтан да қай кезде қамын ойла, Таймау үшін тар жерде табаныңның. Шайтан…

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Қармақшы ауданында алдағы жылу беру маусымын қауіпсіз өткізу үшін дайындық және профилактикалық жұмыстар басталды. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жылыту маусымы кезінде өрттің негізгі себептерінің бірі – жылыту пештерін пайдалану талаптарының сақталмауы, пештер…