Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына кірді. БҰҰ-ның E-Government Survey 2024 есебінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
2024 жылы Газа секторында қаза тапқан 5 жасар Хинд Ражабтың оқиғасы қайта күн тәртібіне шықты. Израиль әскері қыз отырған көлікке өз сарбаздарының оқ атқанын алғаш рет мойындап, оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар аясында 48,7 млрд теңге қарастырылды. Қаражат асыл тұқымды мал сатып алуға ниетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға жұмсалады. Деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттары 2025 жылғы кірістері мен мүлкі туралы 270.00 нысанындағы декларацияны тапсыруы керек. Декларацияны ұсынудың соңғы мерзімі - 2026 жылғы 15 қыркүйек.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Теңге 2026 жылдың басынан бері долларға шаққанда 9,7 пайызға нығайып, Еуропа мен Азиядағы ең жақсы нәтиже көрсеткен валюталардың біріне айналды. Қазір доллар шамамен 458 теңге болса, былтыр қазанда бұл көрсеткіш 549 теңгеден асқан еді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
СҚО- да 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде жылу, электр және сумен жабдықтау инфрақұрылымдарын жаңарту бойынша бірқатар жоба іске асырылуда. Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына берілген жауапта айтылды.
Алматы облысындағы 368 ауылдың 365-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған үш ауылдағы 87 тұрғын суды жеке ұңғымалар арқылы алады. 2026 жылы сумен жабдықтау саласында 26 жобаға 18,45 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді.
Қызылорда облысында алдағы 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл өңірдің жылу маусымына дайындалуына 5,5 млрд теңге қарастырылған.Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына Қызылорда облысының әкімдігі жауап берді.
Алматыда қоғамның түрлі саласының өкілдері қала тұрғындарын 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға үндеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Деп хабарлайды Newsroom.kz
Ақтаудың 19-шағынауданындағы балалар алаңқайының жағдайы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Ойын жабдықтарының бір бөлігі сынып, кей жерлерінде өткір әрі қауіпті бөлшектер қалған. Деп хабарлайды Newsroom.kz
Алматыда қоғамдық көліктің ішінде бірнеше ер адам төбелесіп, жанжал кезінде олардың бірі пышақ қолданған. Оқиға кезінде автобуста әйелдер мен балалар да болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Жасанды интеллект экономикалық өнімділікті арттырғанымен, инфляцияның төмендеуіне міндетті түрде әсер етпейді. Бұл туралы ХВҚ-ның жаңа бас экономисі Сильвана Тенрейро зерттеуінде мәлімдеді. Деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазақстанда Келешек бағдарламасы аясында бес жасқа толған балалардың білім алуына арналған шоттарына мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы түседі. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Астанадағы 7-сынып оқушысы сабақтан кейін ата-анасына көмектесіп қана қоймай, өз еңбегімен табыс тауып жүр. Бейсен Тәңірберген алты жасынан бастап қамыр жаюды үйреніп, бүгінде әпкесімен бірге үй жағдайында тұшпара дайындап, шағын кәсіп жүргізіп отыр, деп хабарлайды newsroom.kz
Астанада 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасы Салима Омарова сөз сөйледі. Ол қызының қаза болар алдындағы соңғы телефон әңгімесін еске алып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Алматыда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Алтынай тұрғын үй кешеніндегі 210 баспана кезекте тұрған тұрғындарға кезең-кезеңімен беріледі, деп хабарлайды newsroom.kz
Северцев мұздығынан табылған адам сүйегінің 2007 жылы тауда жоғалып кеткен альпинистке тиесілі екені анықталды. Марқұмды қызы Нелля Михеева жанында жатқан рюкзагынан таныған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Кеше ғана колледжге барып, үйінде анасымен бірге жүрген 18 жастағы жігіт бүгінде темір тордың ар жағында. Ол есірткі таратып, тез ақша тапқысы келгенін айтады. Алматыдағы №11 мекемеде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің тағдыры мен олардың ата-аналарының жанайқайы осындай, деп хабарлайды newsroom.kz
Амур жолбарысы Үміттің Іле-Балқаш резерватына жіберілуі Балқаш маңындағы тұрғындар мен туристер арасында алаңдаушылық туғызды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz
Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды. Оқиғаға қатысты екі ағайынды ұсталып, олардан ірі көлемде есірткі және зертханалық жабдықтар тәркіленді. Деп хабарлайды Newsroom.kz