RSS Amplifier

Podcast

Narikbi LIVE

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!

narikbi.podbean.comSource feed ↗10 episodes

Live Last read · last published · next check

Written by

Latest episodes

Saves to your Listen queue, to pick up on another day or another device.

Киім брендінің шын бағасы / Corneli / Жандос Қонақбаев / Narikbi LIVE #139

Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай…

Play

Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138

Бүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай. Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз. Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не? Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей…

Play

Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137

inVision U-ға түсу: https://www.invisionu.education/kz/apply?utm_source=narikbi_maksut&utm_medium=affiliate&utm_campaign=open_call_announcement_partnership_290426 Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы…

Play

Талғат Тынымбай: Талғатпен сұхбаттың шындығы / Narikbi LIVE #136

Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз. Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды! Talgat:…

Play

Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #135

Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін. - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз? -…

Play

Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134

Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма…

Play

Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133

Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың…

Play

2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132

2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына…

Play

Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131

Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа,…

Play

Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130

🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар…

Play